«EGRO» ЖШС вендорлары

  • «Linet spol. s.r.o.» – медициналық кереуеттерді, генекологиялық кабинеттер мен босандыру бөлімшелеріне арналған жабдықтарды, зембілдер мен креслоларды, матрацтарды, медициналық жиһаздарды, пациенттерді қашықтан бақылау жүйелерін, сондай-ақ әртүрлі керек-жарақтарды шығаруға маманданған Желевчицы қаласында орналасқан чехиялық компания. Ассортиментінде қарқынды терапия бөлімшелеріне, стационарларға және ұзақ мерзімді күтім мекемелеріне арналған модельдер басым. Linet өнімнің жоғары сапасын қамтамасыз етіп қана қоймай, сонымен бірге жабдықты инновациялық Safety Monitor және SafeSense компьютерлік жүйелерімен жарақтандыра отырып, ақылды технологияларды белсенді түрде енгізуде.
  • «Infimed Sp. z o.o.» – ота жасау залдарын кешенді жабдықтауға бағытталған поляк компаниясы. Оның каталогында гидромеханикалық және электрогидравликалық операциялық үстелдер, жарықдиодты хирургиялық және емдік шамдар, сондай-ақ медициналық үй-жайларға арналған модульдік жүйелер ұсынылған. Infimed компаниясының негізгі құндылықтары – адалдық пен жауапкершілік және бұл компанияның тұрақтылығы мен клиенттерінің оған деген сенімін қалыптастырады. Ұжым құрамы кәсібилігі компанияның тұрақты дамуына ықпал ететін жоғары білікті мамандардан тұрады.
  • «NOVOS Tibbi Cihazlar Sanayi Ve Ticaret Ithalat Ve Ihracat Limited Sirketi» 2004 жылдан бері жаңа туылған нәрестелерге күтім жасау жабдықтарын зерттеумен, әзірлеумен және шығарумен айналысады. Компания сенімді және тиімді өнімдерді ұсынуға тырысады. Негізгі әзірлемелердің қатарында қандағы билирубин деңгейін тез төмендетуге арналған көп бағытты фототерапия аппараттары бар, бұл қан құюды болдырмауға және емдеуді тездетуге көмектеседі. Өнімнің тиімділігі клиникалық зерттеулермен расталған.
  • «S.I.M.E.O.N. Medical GmbH & Co. KG» – 2000 жылы құрылған неміс компаниясы, жоғары технологиялық медициналық жарықтандыру жүйелерін әзірлеумен және шығарумен айналысады. Оның өнімдері хирургиялық операцияларды жүргізуге қажетті қатаң гигиеналық және функционалдық талаптарға жауап береді. Өндірістік процестері сертификатталған, ал сапаны үнемі бақылаудың арқасында сенімділікке кепілдік беріледі. Инновациялық технологиялардың арқасында S.I.M.E.O.N. Medical жарықдиодты хирургиялық шамдардың әлемдік нарығында жетекші орынға ие болды.
  • «MZ Liberec, a.s.» – медициналық газдарды тарату жүйелерін жобалау, өндіру және жеткізуде 50 жылдық тәжірибесі бар чехиялық компания. Компания газ магистральдарының түпкілікті элементтерін, соның ішінде қабырға консольдерін, төбелік газбен жабдықтау кешендерін және ота жасау мен жансақтау бөлімшелеріне арналған көпірлерді жасауға маманданған. Нысанды бағалаудан бастап жобалауға, жеткізуге және шешімдерді енгізуге дейінгі қызметтердің толық спектрі ұсынылған.
  • «Hebei Vanry Medical Devices Co., Ltd» 2009 жылы құрылған және медициналық жиһаз өндірісімен айналысады. Ассортиментінде аурухана кереуеттері, арбалар, орындықтар, үстелдер, шкафтар және басқа да заттар қамтылған – барлығы 100-ден астам атау бар. Өнімдері CE, FDA және ISO стандарттарына сәйкес келеді, АҚШ, Еуропа, Таяу Шығыс, Оңтүстік Америка және Азияға экспортталады. Компания әлемдік нарыққа бағдарланған заманауи, жоғары сапалы медициналық бұйымдарды белсенді әзірлеп, шығарумен айналысады.
Ынтымақтастық, ассортимент, мекемеңізді жабдықтау және жабдықты жеткізу құнын есептеу мәселелері бойынша төмендегі телефондар немесе электрондық пошта арқылы менеджерлерімізге хабарласа аласыз:

📞 +7 (727) 317-20-70
📞 +7 (700) 317-20-70
✉ E-mail: info@egro.kz
Мекен-жайы
«EGRO» ЖШС,
Қазақстан Республикасы, 050002 Алматы қаласы, Бәйішев көшесі, 3-а
БСН 141040015117
KZ216017131000005135 KZT
«Қазақстан Халық Банкі» АҚ
БСК HSBKKZKX Кбе 17
© 2025, ТОО «Egro»
Zuber студиясында жасалған