Науқастарды тасымалдауға арналған EGRO арбасының Е-1 нұсқасы пациентті қосымша манипуляциясыз жедел және қауіпсіз тасымалдау талап етілетін медициналық мекемелердің шағын операциялық залдары мен емшара кабинеттерінде пайдалануға арналған. Арба шағын операциялық залдарда, емшара кабинеттерінде, таңу бөлмелерінде, қарқынды терапия бөлімшелерінде және басқа да медициналық бөлімшелерде қолдануға өте ыңғайлы.
Биіктігі: 640 мм-ден 970 мм-ге дейін
арбаның ені: 640 мм
арбаның ұзындығы: 3560 мм
арқа секциясының жантаю бұрышы: 0-60° ± 10°
науқастың орналасу күйін реттеу: қолмен
қауіпсіз жұмыс жүктемесі: 250 кг
Арба екі негізді бірегей құрылымға ие: оның бір негізі үнемі операция залында стерильді аймақта болса, екінші негізі пациентті медициналық мекеме ішінде тасымалдау үшін қолданылады. Бұл жұмыс процесін едәуір жеңілдетеді, қозғалу жылдамдығы мен қауіпсіздігін арттырады және медициналық қызметкерлерге жүктемені азайтады. Қос негізді алынбалы құрылымы – пациентті орнын ауыстырмай-ақ жылдам жылжытуға мүмкіндік бере отырып, бөлімшелер арасында үздіксіз логистиканы қамтамасыз етеді. Биіктікті гидравликалық реттеу қызметкерлер жұмысының ыңғайлылығы мен пациенттің жайлылығын қамтамасыз етеді.
Төсектің биіктігі 640 мм-ден 970 мм-ге дейін реттеледі. Төсек пен ABS-пластиктен жасалған бүйірлік қоршаулар берік, гигиеналық, оңай тазаланады және пациенттің қосымша қауіпсіздігін қамтамасыз етеді. Реттелетін көлбеу бұрышы (Тренделенбург және Антитренделенбург) – клиникалық жағдайға байланысты, қажет болғанда, пациенттің орналасу күйін өзгертуге мүмкіндік береді, ал пациентті бекітуге арналған белдіктер оның қозғалыс кезіндегі қауіпсіздігін қамтамасыз етеді. 2 секциялық төсек науқастың тасымалдау үшін, сондай-ақ хирургиялық процедуралар кезінде ыңғайлы орналасу күйін реттеуге мүмкіндік береді.
Арбада оны кез келген позицияда жылдам және сенімді фиксациялайтын орталық доңғалақ құлыптау жүйесі бар. Бесінші (орталық) доңғалақ – әсіресе шектеулі кеңістікте маневрлікті арттырып, арбаны басқаруды жеңілдетеді.
Арба медициналық қызметкерлерге тіпті пациентті тасымалдау кезінде де дәрі-дәрмекті енгізуге мүмкіндік беретін инфузиялық тірекпен қосымша жабдықталған. Жинаққа пациенттің қозғалуына мүмкіндік беретін арнайы тұтқалары бар ылғалға төзімді қабы бар матрас кіреді.
арбаның ұзындығы:
арбаның ені:
биіктігі:
науқастың орналасу күйін реттеу:
арқа секциясының жантаю бұрышы:
қауіпсіз жұмыс жүктемесі: