Vivax әмбебап операциялық үстелі (электрогидравликалық)

Vivax электрогидравликалық операциялық үстелі — бұл іш қуысы, кеуде қуысы органдарына және гинекологиялық процедураларды қоса, жоспарлы және шұғыл хирургиялық араласуды жүзеге асырудың әмбебап шешімі. Үстелдің құрылымы операциялық топ үшін барынша жайлылық пен ыңғайлылықты қамтамасыз етеді.

Жеткізу жинағы. Жалпы хирургияға арналға: наркоздық доға (наркоздық экран) – 1 дана

Өнім туралы
Сипаттамалары

Өнім туралы

Электрогидравликалық операциялық үстел көп секциялы панельмен (4, 5 немесе 6 секция) жабдықталған, үстелдің панелі С-тәрізді рентген аппаратымен толық көлемді тексерулер жүргізуге мүмкіндік береді. Кірістірілген туннель бас немесе аяқ секциялары жағынан рентген кассеталарын енгізуге мүмкіндік береді, ал панельдің 350 мм бойлық ығысуы пациенттің орналасу икемділігін қамтамасыз етеді.

Негізгі модель бес антистатикалық доңғалағы, оның ішінде бір бағыттаушы, және аяқпен басқарылатын орталық тежегіш жүйесі бар Т-тәрізді платформамен жабдықталған. Қосымша маневрлік және операциялық өріске еркін қол жеткізу үшін диаметрі 125 мм болатын төрт доңғалағы бар Super Mobile мобильді базасы қол жетімді. Ол, сондай-ақ, орталық тежегішпен және бағыттаушы роликпен жабдықталған.

Төсектің барлық секцияларының матрастары бактерияға қарсы өңделген жіксіз антистатикалық қалыпталған полиуретаннан жасалған және оңай алынып тасталады. Тірек тақталарында матрастарды мықтап бекітуге арналған отырғызу тесіктері бар.

Сыртқы металл элементтері, соның ішінде негізі, жарқыл тудырмайтын, күңгірт, қышқылға төзімді тот баспайтын болаттан жасалған. Негізде потенциалды теңестіру кабелін қосуға арналған клемма бар.

Үстелдің құрылымы мыналарды қамтамасыз етеді:

  • төсектің барлық элементтерінің толық рентгендік мөлдірлігі (үстел бағанының аймағын қоспағанда) және пациенттің барлық позицияларында рентгеноскопия және рентгенография үшін C-arm қоса алғанда, рентгендік техниканы орналастыру мүмкіндігі;
  • R-аппаратының жұмыс мүмкіндіктерін кеңейту үшін бас және аяқ секцияларының өзара алмастырылуы;
  • Бөлінген аяқ секциясы сол және оң секциялардың кемінде 180 градусқа жайылу бұрышын қамтамасыз етуі керек.
  • Үстелдің барлық секцияларында (оңай алынатын бас пен аяқ секцияларын қоса алғанда) қосымша керек-жарақтарды бекіту үшін тот баспайтын болаттан жасалған бүйірлік бағыттаушы шиналар бар.

Орындалатын функцияны және авариялық қоректендірудің аккумуляторлық батареяларының заряд деңгейін көрсететін сымды басқару пульті бар. Басқару пульті келесі пернелермен жабдықталған:

  • «Тренделенбург» көлбеу бұрышын реттеу түймесі;
  • «Анти-Тренделенбург» көлбеу бұрышын реттеу түймесі;
  • латералды көлбеуді «Оңға» реттеу түймесі;
  • латералды көлбеуді «Солға» реттеу түймесі;
  • төсек биіктігін арттыру түймесі;
  • төсек биіктігін азайту түймесі;
  • үстелді өшіру немесе апаттық тоқтату түймесі;
  • электрогидравликалық жетекпен реттелетін төсек секциясын көлденең күйге әкелуге арналған «0" түймесі;
  • төсектің орналасу позициясын өзгерту түймесі – басылғаннан кейін төсектің бағдары 180 градусқа өзгереді, бұл функция аяқ пен бас секцияларын ауыстырған жағдайда қолданылуы керек;
  • арқа секциясы мен бүйрек көпірінің көлбеу бұрышын реттеу (Опция);
  • панельдің бойлық ығысуын реттеу (Опция);
  • орталық тежегіш (Опция);
  • Операциялық үстел оның барлық электрлік реттеулерін аяқ басқышымен қайталайтын, негізгі жүйеден тәуелсіз қуаты бар қосымша балама гидравликалық жетекпен жабдықталуы мүмкін.

Сипаттамалары

  • 4 немесе 5 секциялық төсегі бар операциялық үстелдің ұзындығы – 2100 мм;
  • 6 секциялық төсегі бар операциялық үстелдің ұзындығы – 2300 мм;
  • операциялық үстелдің ені – 500 мм;
  • бүйірлік бағыттағыштары бар үстелдің ені – 560 мм;
  • төсектің минималды / максималды биіктігі (матраспен) – 730 мм-1080 мм;
  • төсектің қосымша минималды / максималды биіктігі (матраспен) – 700 мм-1150 мм;
  • латералды көлбеу бұрышы – ± 30°;
  • тренделенбург / антиТренделенбург – ± 40°;
  • арқа секциясын түсіру / көтеру бұрышы (пневматикалық) – - 45°; +85°;
  • арқа секциясын түсіру / көтеру бұрышы (электрогидравликалық) – - 35°; +85°;
  • аяқ секциясын түсіру / көтеру бұрышы – - 90°; +25°;
  • аяқ секциясының жайылуы – 180°;
  • бас секциясын түсіру / көтеру бұрышы – ± 45°;
  • кеуде секциясын опционалды реттеу (арқа секциясының бүгілуі) ~120 мм;
  • опционалды бойлық жылжу – 350 мм;
  • үстелдің салмағы – 250 кг;
  • қуат көзі – 24 В;
  • аккумуляторларды зарядтаусыз жұмыс уақыты ~ 65 жұмыс циклі;

аккумуляторларға арналған қуат көзі – 230В ~ 50/60Гц

  • максималды жүктеме – 250 кг;
  • пайдалану мерзімі – 10 жыл;
  • шаң мен ылғалдан қорғау дәрежесі, электрден қорғау класы, электрден қорғау дәрежесі – IP-X4/I/В;

Жеткізу жинағы. Жалпы хирургияға арналған алынбалы құрылғылар жиынтығының құрамы:

  • наркоздық доға (наркоздық экран) – 1 дана;
  • бүйірлік тіреніш – 2 дана;
  • рентгендік кассета ұстағыш – 1 дана;
  • денені бекітуге арналған белдік – 1 дана;
  • қол ұстағыш (қол бекіткіш) – 2 дана;
  • көктамырішілік құюға арналған штатив (инфузиялық тірек) – 1 дана;
  • инъекцияға арналған үстелше – 1 дана.
  • Гинекология, урология, травматология мен ортопедия, нейрохирургия, офтальмология салаларындағы операцияларға арналған құрылғылар жиынтығы қосымша қол жетімді.