Медициналық газдарды таратуға және электрмен жабдықтауға арналған M.Z.Liberec ОК 07-28 төбелік консолі

Медициналық газдарды таратуға және электрмен жабдықтауға арналған ОК 07-28 хирургиялық төбелік консолі хирургтар мен операциялық залдардағы мамандардың жұмыс орнына газ бен электр желілерін жеткізуге арналған.

Өнім туралы
Сипаттамалары

Өнім туралы

Медициналық газдарды таратуға және электрмен жабдықтауға арналған ОК 07-28 төбелік консолі операциялық залдарға, қарқынды терапия блоктарына және жансақтау бөлімшелеріне арналған. Консольдің артықшылығы – кеңістікте кез-келген бағытта еркін қозғалу мүмкіндігі және бұл жұмыс кеңістігін пайдалану тиімділігін арттырады.

Шығыстарды тікелей құрылғылардың үстіне орналастырудың арқасында шлангты немесе кабельді қысудың, манипуляция кезінде шлангтарды тартудың, желіден электр қуатын өшірудің байқаусызда және қажетсіз орын алу жағдайларын азаяды.

Консоль жиынтығы:

  • фланецке бекітілетін және сервистік қызмет көрсету үшін жылдам қол жеткізу мүмкіндігі бар колодка;
  • әр газға сәйкес таңбаланып, түспен белгіленген, газ қосқыштарына қосылған әр типтегі газ беру шлангілері. Шланг ішіндегі қысым - 70 бар;
  • консольдерге газ беру шлангілерін қосуға арналған әмбебап адаптерлер. Диаметрі 12 мм-ден 18 мм-ге дейін;
  • әр газ адаптерінде шарлы кран орнатылған;
  • ұнтақ бояумен бүркілген болаттан жасалған тік көтеруші аралық тірек.

Қосарланған айналмалы иін:

  • материалы: ұнтақ бояумен бүркілген болат;
  • екі иін де пневматикалық тежегіш жүйесімен жабдықталған;
  • консоль материалы: өңдеуге арналған ұнтақ бояумен бүркілген болат;
  • иіннің максималды айналу бұрышы: 330º;
  • сыртқы айналмалы иіннің ұшындағы максималды жүктеме – 150 кг;
  • аспалы блокқа максималды жүктеме – 150 кг;
  • иіннің айналуын 30-дан 330º - қа дейінгі диапазонда шектеу мүмкіндігі бар.

Розеткаларды орналастыруға арналған аспалы айналмалы блок:

  • электр, газ және төмен ток сымдарына арналған бөлек ішкі арналар;
  • материалы: ішкі болат қаңқа, сыртқы алюминий профильдері;
  • материалы: сым/түтіктерді үлестіріп ажыратуға арналған ішкі арналары бар алты камералы алюминий профилі;
  • металдың қалыңдығы: көтергіш бөліктері 3 мм, аралық қалқандары 2,2 мм;
  • консольдердің сыртқы ұштары дөңгелектелген эргономикалық профильді;
  • консольдің сыртқы бетінде көрінетін бұрандалы қосылыстар жоқ;
  • аспалы блоктың ішінде медгаздарға арналған қатты мыс құбырлардан жасалған газ құбырлары (майсыз, кірден тазартылған) үлестіріліп ажыратылған;
  • блоктың айналуын 30-дан 330º - қа дейінгі диапазонда шектеу мүмкіндігі бар.
  • Консольдің барлық негізгі элементтерінің материалы — агрессивті ортаға төзімді және тұрақты санитарлық өңдеуге болатын ұнтақпен қапталған болат. Жиынтықталым позицияларының саны тапсырыс берушінің сұранысы бойынша өзгертілуі мүмкін.

Сипаттамалары

  • құрастыру бөлігі: 1 жинақ;
  • «А» типті айналмалы таратушы шкаф: 1 жиынтық;
  • DIN жетектерді (вакуум) қоса алғанда, жылдам ажыратылатын қосқыштары: 3 дана;
  • DIN жетектерді (сығылған ауа) қоса алғанда, жылдам ажыратылатын қосқыштары: 3 дана;
  • DIN жетектерді (оттегі) қоса алғанда, жылдам ажыратылатын қосқыштары: 3 дана;
  • MOSAIC- SCHUKO электр розеткасы, қақпақсыз ақ: 5 дана;
  • MOSAIC- SCHUKO электр розеткасы, қақпағы бар ақ: 5 дана;
  • MOSAIC- SCHUKO электр розеткасы, қақпақсыз түрлі-түсті: 5 дана;
  • MOSAIC- SCHUKO электр розеткасы, жарықдиодты түрлі-түсті: 5 дана.