Медициналық газдарды таратуға және электрмен жабдықтауға арналған M.Z. Liberec ОК 07-57 төбелік консолі

Медициналық газдарды таратуға және электрмен жабдықтауға арналған ОК 07-57 төбелік консолі операциялық, жансақтау бөлімдерінде және қарқынды терапия блоктарында медициналық газдарды беріп, электрмен жабдықтауды қосуға арналған.

Өнім туралы
Сипаттамалары

Өнім туралы

Медициналық газдарды таратуға және электрмен жабдықтауға арналған ОК 07-16 төбелік консолі операциялық залдарға, қарқынды терапия блоктарына және жансақтау бөлімшелеріне арналған. Консольдің артықшылығы – кеңістікте кез-келген бағытта еркін қозғалу мүмкіндігі және бұл жұмыс кеңістігін пайдалану тиімділігін арттырады.

Шығыстарды тікелей құрылғылардың үстіне орналастырудың арқасында шлангты немесе кабельді қысудың, манипуляция кезінде шлангтарды тартудың, желіден электр қуатын өшірудің байқаусызда және қажетсіз орын алу жағдайларын азаяды.

Консоль жиынтығы:

  • фланецке бекітілетін және сервистік қызмет көрсету үшін жылдам қол жеткізу мүмкіндігі бар колодка;
  • әр газға сәйкес таңбаланып, түспен белгіленген, газ қосқыштарына қосылған әр типтегі газ беру шлангілері. Шланг ішіндегі қысым: 70 бар;
  • консольдерге газ беру шлангілерін қосуға арналған әмбебап адаптерлер бар. Диаметрі 12 мм-ден 18 мм-ге дейін;
  • әр газ адаптерінде шарлы кран орнатылған;
  • тік көтеруші аралық тірек бар. Материалы: ұнтақ бояумен бүркілген болат;
  • Қосарланған айналмалы иін.
  • материалы: ұнтақ бояумен бүркілген болат;
  • екі иін де пневматикалық тежегіш жүйесімен жабдықталған;
  • консоль материалы: өңдеуге арналған ұнтақ бояумен бүркілген болат;
  • иіннің максималды айналу бұрышы: 330º;
  • сыртқы айналмалы иіннің ұшындағы максималды жүктеме – 150 кг;
  • аспалы блокқа максималды жүктеме – 150 кг;
  • иіннің айналуын 30-дан 330º - қа дейінгі диапазонда шектеу мүмкіндігі бар;

Аспалы айналмалы блок:

  • розеткаларды орналастыруға арналған аспалы айналмалы блок бар. Электр, газ және төмен ток сымдарына арналған бөлек ішкі арналар;
  • материалы: ішкі болат қаңқа, сыртқы алюминий профильдері;
  • материалы: сым/түтіктерді үлестіріп ажыратуға арналған ішкі арналары бар алты камералы алюминий профилі;
  • металдың қалыңдығы: көтергіш бөліктері 3 мм, аралық қалқандары 2,2 мм;
  • консольдердің сыртқы ұштары дөңгелектелген эргономикалық профильді;
  • консольдің сыртқы бетінде көрінетін бұрандалы қосылыстар жоқ;
  • аспалы блоктың ішінде медгаздарға арналған қатты мыс құбырлардан жасалған газ құбырлары (майсыз, кірден тазартылған) үлестіріліп ажыратылған;
  • блоктың айналуын 30-дан 330º - қа дейінгі диапазонда шектеу мүмкіндігі бар.
  • Консольдің барлық негізгі элементтерінің материалы — агрессивті ортаға төзімді және тұрақты санитарлық өңдеуге болатын ұнтақпен қапталған болат. Жиынтықталым позицияларының саны тапсырыс берушінің сұранысы бойынша өзгертілуі мүмкін.

Сипаттамалары

  • құрастыру бөлігі: 1 жиынтық;
  • «А» типті айналмалы таратушы шкаф: 1 жиынтық;
  • DIN жетектерді (вакуум) қоса алғанда, жылдам ажыратылатын қосқыштары: 3 дана;
  • DIN жетектерді (сығылған ауа) қоса алғанда, жылдам ажыратылатын қосқыштары: 3 дана;
  • DIN жетектерді (оттегі) қоса алғанда, жылдам ажыратылатын қосқыштары: 3 дана;
  • MOSAIC- SCHUKO электр розеткасы, қақпақсыз ақ: 5 дана;
  • MOSAIC- SCHUKO электр розеткасы, қақпағы бар ақ: 5 дана;
  • MOSAIC- SCHUKO электр розеткасы, қақпақсыз түрлі-түсті: 5 дана;
  • MOSAIC- SCHUKO электр розеткасы, жарықдиодты түрлі-түсті: 5 дана;
  • анестезиологиялық газдарды қосуға арналған қосқыштар: 1 дана;
  • монитор ұстағышы: 1 жиынтық;
  • инфузиялық тірек: 1 жиынтық.