Медициналық газдарды таратуға және электрмен жабдықтауға арналған ОК 07-16 төбелік консолі операциялық залдарға, қарқынды терапия блоктарына және жансақтау бөлімшелеріне арналған. Консольдің артықшылығы – кеңістікте кез-келген бағытта еркін қозғалу мүмкіндігі және бұл жұмыс кеңістігін пайдалану тиімділігін арттырады.
Шығыстарды тікелей құрылғылардың үстіне орналастырудың арқасында шлангты немесе кабельді қысудың, манипуляция кезінде шлангтарды тартудың, желіден электр қуатын өшірудің байқаусызда және қажетсіз орын алу жағдайларын азаяды.
Консоль жиынтығы:
- төбе аралық бекіту жинағы: 1 дана. Аспалы төбе мен аражабын тақтасының арасындағы қашықтық 0-ден 1000 мм-ге дейін.
- бекітуді 2 тәсілмен орнату мүмкіндігі: жоғарғы қабатта фланецті бекіте төбелік аражабынды тесу арқылы, жоғарғы қабат кеңістігін пайдаланбай анкердің көмегімен;
- айналмалы иін ұзындығы 800 мм: 1 дана;
- көлденең таратушы шкаф: 1 дана. Материалы: ұнтақ бояумен бүркілген болат;
- фланецке бекітілетін және сервистік қызмет көрсету үшін жылдам қол жеткізу мүмкіндігі бар электрлі колодка;
- әрбір типтегі газды беру шлангтары газ коннекторларына қосылған, әр газға сәйкес таңбаланып, түспен белгіленген, шланг ішіндегі ең үлкен қысым кемінде 70 бар.
- консольге газ беру шлангілерін диаметрі 12 немесе 18 мм мыс магистральдарымен қосуға арналған, сервистік қызмет көрсету үшін жылдам қол жеткізу мүмкіндігі бар фланецке бекітілетін әмбебап адаптерлер. Әр газ адаптерінде шарлы бекітпе кран орнатылған. Материалы: ұнтақ бояумен бүркілген болат;
Айналмалы иін ұзындығы:
- иіннің жалпы ұзындығы: 800 мм;
- материалы: ұнтақ бояумен бүркілген болат;
- пневматикалық тежегіш жүйесі бар;
- консоль материалы: өңдеуге арналған ұнтақ бояумен бүркілген болат;
- иіннің максималды айналу бұрышы: кем дегенде 330 градус;
- сыртқы айналмалы иіннің ұшындағы максималды жүктеме: 15 кг;
- аспалы блокқа максималды жүктеме – 150 кг;
- иіннің айналуын 30-дан 330º - қа дейінгі диапазонда шектеу мүмкіндігі бар;
Аспалы айналмалы блок:
- розеткаларды орналастыруға арналған аспалы айналмалы блоктың, электр, газ және төмен токты сымдарға арналған бөлек ішкі арналары бар айналмалы блоктың болуы;
- материалы: ішкі болат қаңқа, сыртқы алюминий профильдері;
- материалы: сым/түтіктерді үлестіріп ажыратуға арналған ішкі арналары бар алты камералы алюминий профилі;
- металдың қалыңдығы: көтергіш бөліктері 3 мм, аралық қалқандары 2,2 мм. Бұл қалыңдық бұйымдардың деформациялануына жол бермейді;
- консольдердің сыртқы ұштары дөңгелектелген эргономикалық профильді;
- консольдің сыртқы бетінде көрінетін бұрандалы қосылыстар жоқ;
- аспалы блоктың ішінде медгаздарға арналған қатты мыс құбырлардан жасалған газ құбырлары (майсыз, кірден тазартылған) үлестіріліп ажыратылған;
- айналмалы аспалы блоктың пайдалы ұзындығы – 1100 мм;
- блоктың айналуын 30-дан 330º - қа дейінгі диапазонда шектеу мүмкіндігі бар;
- аспалы блокқа кіріктірілген, жабдықты бекітуге арналған медициналық рейка – 2 дана;
- медициналық рейкалардың материалы: тот баспайтын болат;
- сөрелер мен медициналық жабдықтарды бекітуге арналған, тот баспайтын болаттан жасалған, аспалы блокқа кіріктірілген штангалар: 2 дана;
- әр штанганың ұзындығы: 1 100 мм;
- штанганың диаметрі: 28 мм;
Шкафқа арналған сөре:
- шкафқа арналған сөре, басқару блогы және бүйірлік медициналық рельстері бар: 1 дана.
- сөренің өлшемдері: 550 x 450 мм. Сөреде 2 дана 10 х 25 бүйірлік рейкалар, консольдің тежегіш жүйесінің кіріктірілген басқару пульті;
- бүйірлік медициналық рельстері бар шкафқа арналған сөре: 1 дана;
- сөренің сыртқы қырларындағы бұрыштар қызметкерлердің жарақаттануын болдырмау үшін дөңгелектелген;
- сөреге максималды жүктеме: 50 кг.
- Консольдің барлық негізгі элементтерінің материалы — агрессивті ортаға төзімді және тұрақты санитарлық өңдеуге болатын ұнтақпен қапталған болат. Жиынтықталым позицияларының саны тапсырыс берушінің сұранысы бойынша өзгертілуі мүмкін.