Медициналық функционалды EGRO электр кереуеті WRA I C нұсқасы

Функционалды медициналық EGRO WRA I С реанимациялық кереуеті медициналық мекемелердегі қарқынды терапия палаталарын жабдықтауға арналған. Ол пациенттердің барынша жайлылығы мен қауіпсіздігін, сондай-ақ ауыр науқастарға күтім жасау және шұғыл реанимациялық іс-шаралар жүргізу кезінде медициналық қызметкерлерге барынша ыңғайлылықты қамтамасыз етеді.

Тренделенбург / АнтиТренделенбург: 0-16° / 0-12° (±2°)

Тренделенбург / АнтиТренделенбург: 0-16° / 0-12° (±2°)

арқа секциясының көтерілу бұрышы: 0-70° (±5°)

аяқ секциясының көтерілу бұрышы: 0-45° (±5°)

габариттік өлшемдері: 2235 х 1070 х 515/915 мм

қауіпсіз жұмыс жүктемесі: 260 кг

Өнім туралы
Сипаттамалары

Өнім туралы

WRA I С кереуеті барлық секцияларының позициясын реттеуге, төсегінің биіктігін, сондай-ақ бойлық көлбеуін реттеуге мүмкіндік беретін электр жетектерімен жабдықталған.

Тапсырыс берушінің таңдауына қарай басқару пультінің бірнеше нұсқасы берілген және бұл пациентке де, медициналық қызметкерлерге де кереуеттің оңтайлы орналасу күйін реттеуді жеңілдетеді.

Кереует пациенттің қауіпсіздігін барынша қамтамасыз ететін төрт ABS-пластик бүйірлік қоршаулармен жабдықталған. Сонымен қатар, пациенттің салмағын бақылауға арналған кіріктірілген таразы функциясы бар. Кереуеттің төсегі ABS-пластиктен жасалған ендірмелермен орындалған және бұл науқасқа күтім көрсетіп, гигиенаны сақтауды жеңілдетеді.

Функционалдық мүмкіндіктері:

  • арқа секциясының жантаю бұрышын электрлік реттеу;
  • аяқ секциясының көлбеу бұрышын электрлік реттеу;
  • "Автоконтур" функциясы – арқа және аяқ секцияларын бір мезгілде реттеу;
  • "Тренделенбург" көлбеу бұрышын реттеу;
  • "АнтиТренделенбург" көлбеу бұрышын реттеу;
  • төсектің биіктігін электрлік реттеу;
  • электрлік және механикалық ЖӨР (жүрек-өкпе реанимациясы) функциялары;
  • пациенттің салмағын бақылау функциясы;
  • кіріктірілген аккумулятор батареясы;
  • төсек пен оның секцияларының позицияларының бұрыштарын өлшеуіш.

Сипаттамалары

габариттік өлшемдері:

  • 2235 х 1070 х 515/915 мм;

арқа секциясының көтерілу бұрышы:

  • 0-70° (±5°);

аяқ секциясының көтерілу бұрышы:

  • 0-45° (±5°);

Тренделенбург / АнтиТренделенбург:

  • 0-16° / 0-12° (±2°);

қауіпсіз жұмыс жүктемесі:

  • 260 кг.